04:57, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Итальяндық ауруханада дәрігерлерге иттер көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Флоренцияда иттер жан күйзелісін емдеуге жәрдемдеседі. Санта-Мария-Аннунциата ауруханасы зоотерапия бөлімшесі бар қаладағы алғашқы медицина мекемесі атанды.
Ол жерде науқастар жануарлармен, бірінші кезекте иттермен араласады, бұл психикалық аурулармен ауыратын науқастар терапиясына оң әсер етеді.
Тәжірибе үш жасар неміс овчаркасы Шанельден басталды. Ол адамдармен қуана-қуана араласады, сол арқылы науқастарға дертінен айығуға көмектеседі, деп хабарлайды Euromag. Шанельден басқа, Белла есімді бордер-колли иті де игі іске кірісіп кетті. Зоотерапия пет-терапия сынды белгілі сала. Жануарлар адамдардың көңіл-күйін тыныштандырып, мейірлендіре түседі. Оның ішінде әсіресе, иттер күйзелісті еңсеруде, агрессия ұстамасын қалпына келтіруде оң ықпал етеді. Бұдан басқа, иттің иіс сезу қасиеті арқылы ауруға диагностика жасау әдісі де бар.