Итальяндық азамат 76 жасында оныншы жоғары білім алды

РИМ. Шілденің 21-і.   ҚазАқпарат -   Өмірінің    көп жылын   оқуға арнаған     итальяндық       азамат 76 жасында  оныншы  жоғары білім  алып  отыр, 

Итальяндық       азамат 76 жасында  оныншы  жоғары білім  алды

деп  хабарлады  АНСА агенттігі.

Италияның оңтүстігіндегі Троя қаласының    тұрғыны  Леонардо Алтобелли   өткен  аптада биотехнология  мамандығы бойынша диплом алды. 

Отбасылық  дәрігер болып  жұмыс істеген   итальяндық   қарт   кезінде     туған қаласының  мэрі  болған. Қазір  ол  уақытының    көбісін кітап оқумен    өткізеді.  «Мен  емтихан тапсыру керек  болған  кезде ғана     оқимын.   Бос уақытымды  басқа  әуес істеріме арнаймын»,-дейді   ол.

Алтобелли мырза  өзінің  алғашқы жоғарғы   білімін  медицина саласы  бойынша алған,  кейін    заңгерлік,   саяси ғылымдар, әдебиет,  философия,    тәрбиелік  ғылымдар,  ауыл шаруашылығы,  туризм,  тарих  және қоғамтану мамандықтары  бойынша университет тәмамдаған. Енді міне,  қария  биотехнология  мамандығы бойынша диплом алды.

Бірақ  та,   қария    он дипломмен шектелмейтінін  айтып  отыр.