Итальяндық футболшы Морозинидің ойын кезінде жүрегі тоқтап қалды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат  - Итальяндық жартылай қорғаушы Пьермарио Морозини елдің екінші футбол дивизионының матчы кезінде қайтыс болды.

Итальяндық футболшы Морозинидің ойын кезінде жүрегі тоқтап қалды

25 жастағы Морозини Пескара қаласында "Ливорно" клубы атынан  шығып, «Б Сериясы» матчының 31-ші минутында есінен танып қалды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Футболшының  кенеттен құлағанын байқаған судья ойынды тоқтатады. Дәрігерлер дефибриллятор арқылы Морозиниді өмірге қайтаруға тырысады. Кейіннен футболшыны ауруханаға жеткізгенмен, оны құтқаруға мүмкін болмады. Оның өліміне жүректің тоқтап қалуы себеп болды.