Итальяндық мафияның банкирі Тайландта ұсталды
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Мафиямен байланыста болғаны үшін жазаға кесілген итальяндық банкир Тайландта ұсталды,
деп хабарлады Лента.ру.
Италья билігінен 30 жылға жуық бой тасалап жүрген 64 жастағы Вито Палаццоло негізінен өзін экстрадациялаудан бас тартқан Оңтүстік Африка Республакасын мекендеген. Оны 2009 жылы «Пицца арқылы байланыс» атауына ие болған 1970 -1980 жылдардағы АҚШ-та пиццериялар желісі арқылы есірткі тарату қылмыстық сызбасына қатысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.
Италия билігінің мәліметтері бойынша, Палаццоло Швейцарияда банкир болып жұмыс істеген кезінде ондаған миллион долларды заңдастыруға көмектескен. Дегенмен де оның өзінің атап өтуінше, мафия қызметіне еш қатысы жоқ, тек қорқытқандықтан ғана ақшаның ізін жасыруға көмек берген.