Итальяндық суретші Батонидің 1751 жылы салынған картинасы 11,4 млн. долларға сатылды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Нью-Йоркте өткен «Сотбис» бәссауда үйінде итальяндық суретші Помпео Джироламо Батонидің «Сюзанна и старцы» картинасы 11,4 млн. долларға сатылды.

Итальяндық суретші  Батонидің 1751 жылы салынған картинасы 11,4 млн. долларға сатылды

Есімі белгісіз сатып алушы рококо және неоклассицизмнің дәуірінде орындалған шебердің жұмысына 11,4 млн. доллар төледі. Айта кетейік, Батонидің аталмыш "Сюзанна и старцы" картинасы 1751 жылы сол кезеңдегі ең танымал коллекционерлердің бірі граф Эрнст Гвидо фон Харрах үшін салынған болатын.