Итальяндық үш альпинист француз Альпінде 400 метр биіктіктен құлап, қаза тапты

АСТАНА.  Тамыздың  5-і. ҚазАқпарат -  Итальяндық үш  альпинист француз  Альпінде  400 метр  биіктіктен  құлап,  қаза тапты.  Дүйсенбі күні  болған   оқиға туралы    Жоғарғы  Альпі  департаменті   жандармериясының  құтқару    қызметі     мәлім етті, 

Итальяндық үш  альпинист француз  Альпінде  400 метр  биіктіктен  құлап,  қаза тапты

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  «Маяк» радиостансасына  сілтеме   жасап.

Альпинистер   Альпінің  Экрен  алабының  солтүстік-шығысында  орналасқан  атақты Мейже шыңына   көтерілмек  болған.    Шыңның  оңтүстік бауырымен  тізбекпен   көтеріліп  келе жатқан      олар оқиға  кезінде    теңіз  деңгейінен 3 400 метр биіктікке болған.

Альпинистердің бірі  құлап кетіп,  қалған екеуін  өзімен бірге алып  кеткен.  400 метрлік биіктіктен құлаған    олардың ешқайсысы  аман қалмаған.    Құтқарушыларды   сол  шыңға  көтеріліп   бара жатқан  басқа   альпинистер шақырған.