Италия байқаушыларын Қазақстанның қонақжайлылығы тәнті етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия байқаушыларын Қазақстанның қонақжайлылығы тәнті етті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын қадағалауға келген Италия делегациясының өкілі Адель Гамбаро айтты.

Италия байқаушыларын Қазақстанның қонақжайлылығы тәнті етті

«Бізде сайлау учаскелеріне бару мүмкіндігі болды. Кейбіріміз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Сіздердің қонақжайлылықтарыңыз қатты тәнтті етті, бізге ұнады», - деп атап өтті А.Гамбаро Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өткеніндей, Қазақстандағы Парламент сайлауы туралы заңға сай өтуде.

«Мен бұның алдында көптеген елдерде сайлау барысын бақылап келдім. Бір байқағаным, Қазақстандағы сайлаудың барысы өте ашық өтуде, барлық талаптар орындалуда. Біз бірқатар учаскелерде болдық. Түске дейін 700 мың адамның дауыс беруі бізді таңқалдырды. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептейміз»,- деді итальяндық байқаушы.

Сонымен қатар, Адель Гамбаро сайлауға жастардың көп келуін ерекше атап өтті.

«Жас сайлаушылар ерте келіп, өз дауыстарын беріп жатты. Меніңше бұл өте жағымды үрдіс», - деп атап өтті ол.