Италия билігі балалар жәрдемақысын екі есе ұлғайтуды ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия денсаулық сақтау министрі Беатриче Лоренцин отбасылардың көбірек балалы болуын ынталандыру үшін балалар жәрдемақысын екі есе ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлады Би-би-си.
La Repubblica газетіне берген сұхбатында министр егер жағдай өзгермейтін болса, 10 жылдан кейін Италияда бала туу деңгейі 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40% төмендейтінін айтты.
Лоренцин бұдан әрі қарт адамдардың және созылмалы сырқатқа ұшырағандар санының өсуі ұлттың азып-тозуына әкеп соғатынын ескертті.
Оның ұсынысы бойынша, табысы төмен және орташа деңгейдегі отбасылар үшін қазіргі айсайынғы 90 доллар мөлшеріндегі жәрдемақы екі есе өсірілуі және кейінгі әр бала үшін ұлғая түсуі тиіс.