04:20, 29 Шілде 2012 | GMT +5
Италия билігі халық қаһарманы Джузеппе Гарибальдидің сүйегін эксгумацияламақ
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Италияның бірігуінде маңызды рөл атқарған халық қаһарманы Джузеппе Гарибальдидің сүйегін қайта қазып, ғалымдар оның расымен де Италияда жерленгеніне көз жеткізбек.

«Интерфакс-Казахстан » хабарлауынша, Италия билігі сүйекті қайта қазуға рұқсат берген. Оған Италия Мәдениет министрі Лоренцо Орнагидің батырдың отбасының өтінішін қолдауы себеп болды. Гарибальди Сардинияның жағасындағы Капрер аралына жерленген болатын.
Оның ұрпақтары аталарының сүйегі сол бейітте жатыр дегенге күмәнді. Олардың Капрердегі мазар жасанды болуы мүмкін деп ойлайды. Эксгумация қыркүйек айының соңында болады деген шешім қабылданды.
Айта кетейік, Джузеппе Гарибальди 1807 жылы туған. Ол 19-шы ғасырдың ортасында Италияны біріктіру үшін күресіп, елдің бірнеше әскери жорығын басқарған.
1tv.kz