Италия бір тәулікте коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша бірінші орында тұр

РИМ. ҚазАқпарат – Италия бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша елдер тізімінде көш бастап отыр – 368 адам. Азаматтық қорғаныс мәліметінше, эпидемия басталған уақыттан бері 1809 адам Covid-19 құрбаны болған. Ауру жұқтырғандар саны 24740 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Ең қатты зардап шеккен өңірлер – Ломбардия мен оның астанасы Милан. Жергілікті денсаулық сақтау саласындағы жағдай Италия билігін ғана емес, бұкіл Еуропаны алаңдатып отыр.

Ломбардиядағы интенсивті терапия бөлімінде 800 адам жатыр, жатын орын мүлдем жетіспейді. Милан жәрмеңкесіндегі екі павильон аумағынан 500 орындық уақытша аурухана салу жобада бар.

Басқа қалаларда, соның ішінде Римде төтенше жағдайды ретке келтіру үшін жансақтау және интенсивті терапия бөлімдері шұғыл құрылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар