Италия экс-президенті Джорджо Наполитаномен қоштасады

Италия экс-президент әрі республиканың өмір бойғы сенаторы Джорджо Наполитаномен қоштасады. Ол 99 жасында өмірден өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Италия экс-президенті Джорджо Наполитаномен қоштасады
Фото: pixabay

Бұрынғы мемлекет басшысына жоғары шенді италиялық саясаткерлер құрмет көрсетеді.

Қоштасу дүйсенбі күні жалғасады, табыт бірнеше сағат бойы барлығы үшін ашық болады. Мемлекеттік жерлеу ертең өтеді, бұл күн Аза тұту күні болып жарияланған.

Сонымен қатар жұмадан бері мемлекеттік мекеме ғимараттарындағы мемлекеттік және еуропалық тулар төмен түсірілген.