12:27, 21 Наурыз 2013 | GMT +5
Италия футбол құрамасының ұшағына жай түсті
Женева әуежайына қонуға бет алған Италия құрама командасының ұшағына жай түсті. Бұл оқиғаға қарамастан ұшқыштар ұшақты аман-есен отырғыза алды,

деп хабарлайды Sports.ru.
Төтенше жағдайдың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, алайда, кейбір футболшылар есеңгіреп қалды. Женевада Италия құрамасы Бразилиямен жолдастық кездесу өткізетіндігін естеріңізге саламыз. Матч бүгін, 21 наурызда болады. Ойынның басталуы - мәскеу уақыты бойынша 23:30-да.