Италия ғалымдары коронавирус ағыны бәсеңдегенін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италия ғалымдары коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Бұл күзде пандемияның келесі толқыны болмайтынына сенуге мүмкіндік береді.
Милан университетінің вирусологы мен проректоры Массимо Клементи мамыр айында италиялық медиктер бастаған науқастарға жүргізілген мониторинг COVID-19 бар пациенттердің ауру дәрежесі төмендегенін көрсететінін айтты.
«Қарқынды терапия талап етілетін науқастардың пайызы азайып келеді. Осыған орай, үй карантинінде өз бетінше емделе алатын вирусты жұқтырғандардың саны өсуде. Массимо Клементи індеттің бастапқы кезеңінде мамыр айының соңына қарағанда он есе жоғары болғанын атап өтті. Бұл вирустың адам ағзасына бейімделіп, әлсірей түсетінін білдіруі мүмкін» делінген хабарламада.
Ғалымның айтуынша, бірқатар елдерден келіп түскен деректер осы гипотезаны растайды. Мұндай көрсеткіштер кезінде күзде ДДСҰ болжап отырған пандемияның екінші толқыны болмауы мүмкін.
Фото: © AP Photo/Kirsty Wigglesworth