Италия ғалымдары Мона Лизаның құпиясын ашпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия ғалымдары Мона Лизаның құпиясын ашпақ, деп жазады 24.kz.
Олар бүкіл әлемге белгілі Лиза Герардинидің сүйегін сәйкестендіру арқылы аңыз адамның кім болғанын анықтамақ. Мамандар Леонардо до Винчи салған ең әйгілі әйелдің және Флоренцияда жерленген балалардың сүйектері мен киелі Урсула монастырінен табылған 3 адамның қалдықтарын ДНҚ арқылы салыстырмақ. Сарапшылардың пікірінше, Герардини қалған өмірін дәл осы жерде өткізуі мүмкін. Ол үшін ғалымдар Мона Лизаның күйеуі Франческо Джакондо мен олардың балалары жерленген жер астындағы зиратын зерттейтін болады. Егер сәйкестік дәлелденсе, ғалымдар арнайы технология арқылы Мона Лизаның шынайы бет-әлпетін жасап шығаруы әбден мүмкін.