Италия ғалымы: Қазақстан күрделі кезеңнен сүрінбей өте алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан күрделі кезеңнен сүрінбей өте алады. Барлық қабылданған шаралар оңынан шешіледі. Елде бұған барлық мүмкіндіктер бар, деп санайды Италия жоғары геосаяси зерттеу институтының ғылыми қызметкері АлессАндро ЛундИни.
Ол өңірдегі қалыптасқан жағдайды бағалады. Ғалымның пікірінше, мемлекет басшысының Президент сайлауын ауыстыруы Қазақстанның пайдасына шешіледі. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың саяси тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, бұл орнықты өсімге әкелері сөзсіз.