Италия Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланыс мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италия Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды

«Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде зор мүмкіндіктер бар»,- дейді Манлио Ди Стефано елордада өткен Қазақстан-Италия бизнес-форумында.

Оның айтуынша, бүгінде Италия Қазақстан экономикасына 6,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

«Жалпы, Қазақстанда Италияның 270-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. 13 желтоқсанда Италияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша тағы бір жиын өтеді», - дейді ол.

Айта кетсе, аталған іс-шараға екі елдің іскер топтарының, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардан 200-ден астам өкілі қатысты.

Фото: Formiche.net