Италия «Коста Конкордия» кемесін теңіз түбінен алып шығуға дайындалуда
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Итальяндық билік биылғы маусым айында Джильо аралы ауданынан апатты болған «Коста Конкордия» круиздік кемесін сүйреп алып келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Бұл теңіздегі іздеу және құтқарудың ауқымды операциясының тарихындағы финалдық кезең болмақ. Шараның құны 600 млн. долларға бағаланып отыр.
Қазіргі кезде круиздік лайнер теңіз түбінде жатыр. Мамандар оны қайраңнан құтқаруға арналған ірі кеменің көмегімен алып шығуды көздеп отыр.
Атап айтқанда қатарынан бірнеше елдің порттары апатты круиздік кемені қайта өңдеу үшін келісімшартты алуға ниет білдіруде.
2012 жылдың қаңтарында «Коста Конкордия» Джильо аралы маңында қайраңға отырып қалды. Бұл апат кезінде 32 адам ажал құшқан болатын.