Италия құрамасын тас-талқан еткен Испания тағы да Еуро-2012 чемпионы атанды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін футбол бойынша XIV Еуропа чемпионаты аяқталды. Киевте өткен дүбірлі доданың ақтық мәресінде Испания мен Италия құрама командалары кездесті.
None
None

«Олимпийский» Ұлттық спорттық кешенінде өткен ойында Давид Сильва өз шеберлігін көрсетті. Кездесудің 14-ші минутында Андрес Иниеста айып добын Цеска Фабрегасқа бағыттады, ол өз кезегінде алаңнын ортасындағы Сильваға пас берді. Ол қателескен жоқ. Ал ойынның 41-ші минутында испандық Хави Эрнандес допты Хорди Альбаға бағыттады, қақпашы Джанлуиджи Буффонмен жеке қалған ол  мүмкіндікті жібермеді.

Ал екінші таймда испандықтар өздерінің басым екендіктерін тағы байқатты.  «Челси» командасының ойыншысы Фернандо Торрес 84-ші минутта 3-ші голын соқты. Жасындай жарқылдаған Торрестың «әріптесі» Хуан Мато Фернандоның бағыттаған добын ұтымды пайдала отырып, қарсыластарының бос қалған қақпасына бағыттады. Есеп - 4:0.

Испания тарихта алғашқы рет Еуропа чемпиондар атағын қорғай алған  бірінші команда болды. «Фурия роха» командасы ірі футбол форумдарында қатарынан үш рет жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар