Италия құрамасының негізгі қақпашысы жаттығу кезінде жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия құрамасының негізгі қақпашысы Джанлуиджи Буффон жаттығу кезінде жарақат алды. Енді оны Англиямен өтетін ойында «Дженоа» қақпашысы Маттиа Перин ауыстырады, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.
Айта кетейік, жас қақпашы үшін бүгінгі кездесу - Италия құрамасындағы алғашқы матчы болмақ. Италия құрамасының тағы бір қақпашысы Сальваторе Сиригу де ойынға толық дайын емес. ПСЖ клубының негізгі құрамдағы қақпашысы жарақатқа байланысты бірнеше жаттығуа қатысқан жоқ. Дегенмен, 21 жастағы Перин «Скуадра Адззура» сапында бір ойынға қатысты. Ол өткен апта бразилиялық «Флуминенсе» клубымен өткізген жолдастық кездесуде алаңға шықты. Англия - Италия матчы бүгін түнде Манаус қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 04:00-де басталады.