Италия мигранттар мәселесін Еуроодақ деңгейінде шешуді көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Италия көші-қон дағдарысын жалпы еуропалық деңгейде шешуге тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
None

Рим мен Париж арасында өткен аптадан бері бортында мигранттары бар Ocean Viking кемесі үшін текетірес жүруде. Италия билігі кемені қабылдаудан бас тартқаннан кейін ол Францияның Тулон қаласына келіп тоқтап, 230 адамды түсірді.
Дүйсенбіде Италия СІМ басшысы Антонио Таяни бұл мәселені ЕО Сыртқы істер кеңесінде көтерді.
«Бұл Италия мен Франция немесе Италия мен Германияның ғана емес, бүкіл Еуропаның проблемасы. Бұл мәселені жалпы еуропалық деңгейде қарастырып, шешуіміз керек деп санаймыз», - деп атап өтті Таяни.
Мемлекеттер басшылары Эммануэль Макрон мен Серджо Маттарелла телефон арқылы сөйлескеннен кейін Рим мен Париж арасындағы шиеленіс бәсеңдей бастады.
Көші-қон мәселесі ЕО-ның Ішкі істер жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады, оны өткізу күні әлі белгіленбеді

Фото: Daniel Cole/AP
Соңғы жаңалықтар