01:34, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Италия неаполитан пиццасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізуді сұрайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО неополитан пиццасын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізуі мүмкін, деп хабарлады Росбалт.

La Repubblica басылымының Италия ауыл шаруашылығы министрі Маурицио Мартинге сілтеме жасап жазуынша, пицца елдің символдарының бірі, ал итальяндық пиццайоло шеберлігі ерекше мәртебеге лайық. Нақ осы Неаполь итальяндық пиццаның отаны болып саналады.
Италия сондай-ақ Сьенндегі жыл сайынғы атшабыс бәйгесін, Кремондағы виоленчельдер өндірісін және Виареджиодағы карнавал шеруін ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынған болатын.
Пиццаны таныстырылымы осы жылғы сәуірде Парижде өтеді. Өтінімді қарау қорытындысы 2016 жылғы қарашада белгілі болады.