Италия орталығындағы алапат құйыннан екі адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның орталығында болған құйыннан ең кемі екі адам мерт болды, деп хабарлайды Rai News.
Римнің солтүстігінде орналасқан Ладисполи қаласында 47 жастағы Үндістан тумасы көз жұмды. Телеарнаның хабарлауынша, ер адам күшті желмен әуеге көтерілген құрылыс қалдықтарынан көз жұмған. Тағы ер адам - Чезано қаласының тұрғынының үстіне ағаш құлап кеткен.
#TORNADO a nord di #Roma, a #Cesano. Le impressionanti immagini. Video di Eric Pirotta https://t.co/9ELKY73zHX pic.twitter.com/Aa4h2QdChB
— meteo.it (@wwwmeteoit) 6 ноября 2016 г.
Табиғи апаттан оннан астам адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Өңірде бірнеше тұрғын үй мен дүкен ғимараттарына зақым келді. Көшедегі шам бағаналары құлап, көлік қозғалысына кедергі келді.
Италия Азаматтық қорғау департаменті дүйсенбі күні де қолайсыз ауа райы болатынын ескертуде.