Италия Премьер-Министрі: Қазақстанның әлемдегі бейбітшілік идеяларына біз де қосыламыз
МИЛАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның лаңкестікпен күрес, әлемдегі бейбітшілік идеяларымен ортақтасамыз. Бүгін Миланда өтіп жатқан Қазақстан-Италия бизнес форумында Италия Премьер-Министрі Маттео Ренци осындай пікір білдірді.
«Қазақстанға инвестиция салғысы келетін итальяндық бизнесмендер біздердің Қазақстанның лаңкестікпен күрес, барша әлемдегі бейбітшілік, өзара түсіністік, түрлі мәдениеттердің өзара тоғысуы сынды идеялары қызықтыратындығын білулері тиіс. Президент Нұрсұлтан назарбаев жүзден астам этникалық топ тату тәтті тіршілік еткен елдің басшысы. Бұл тұрғыда барлық елдер еуропалық та, азиялық та елдердің лаңкестік қауіпіне қарсы бірлесіп ынтымақтасқан барынша маңызды», - деді ол.
Оның пайымынша, геосаяси деңгейде әлемді, өзара құрмет пен құндылықтарды қорғау үшін күш біріктіру қажет.
«Мен сіздерге осыны айтқым келеді. Өйткені, бұлай болмаған жағдайда біз тек бизнес жайында ғана ойлайтындай түсінік қалыптасады. Әрине, бизнес де маңызды, оны ұлғайту қажет», - деді М.Ренци.