Италия Президенті Джорджо Наполитано қызметінен кетпек

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Италия Президенті Джорджо Наполитано мамырдың 15-і күні қызметінен кетеді. Саясаткер мандат мерзімі аяқталғанша үкімет жүйесін жетілдіріп, парламенттік сайлау өткізбек ниетте, деп хабарлайды 24.kz.

Италия Президенті Джорджо Наполитано қызметінен кетпек

Бұл туралы Наполитано баспасөз мәслихатында мәлім етті. Журналистерге берген сұхбатында, Президент қызметінің соңғы күндеріне дейін саяси дағдарыстан шығу жолдарын іздеп, партиялар арасындағы келіспеушілікті басуға тырысатындығын жеткізді. Айта кетейік, Италияда ақпанның 24-і мен 25-і күні өткен сайлаудан кейін саяси партиялар әлі күнге дейін басқарушы коалицияны құра алмай жатыр. 87 жастағы Джорджо Наполитано 2006 жылдан бері Италияны басқарып келеді.