16:32, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Италия Президенті отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Президенті Джорджо Наполитано сәрсенбі күні отставкаға өтініш жазды. Отставкаға кету туралы хаттың үш нұсқасы министрлер кеңесі мен ұлттық парламенттің екі палатасына жіберілді.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
89 жастағы мемлекет басшысы екінші 7 жылдық мерзімге 2013 жылдың сәуірінде сайланған. Алайда бастапқы кезден-ақ, мерзімінен бұрын қызметті босататынын жасырмаған. Наполитано қызметінің аяқталуын Еуроодақтағы Италияның жарты жылдық өкілдігінің аяқталуымен байланыстырды.
Конституцияға сәйкес, президенттік міндет уақытша италиялық мемлекеттегі екінші адамға - сенат төрағасы (парламенттің жоғарғы палатасы) Пьетро Грассоға өтеді.
БАҚ-та үміткерлер ретінде Римнің бұрынғы мэрі Вальтера Вельтрони, Турин мэрі, бұрынғы әділет министрі Пьеро Фассино, Конституциялық соттың судьясы Серджо Маттарелла, Сыртқы істер министрі Паоло Джентилони және сенатор Анна Финоккьяроны аталуда.