Италия шіркеуінде монах әйелдің аруағы пайда болды

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Италияның Палермо қаласының маңында орналасқан шіркеу елдің түкпір-түкпірінен келетін мінажат етушілердің орталығына айналды.

Италия шіркеуінде монах әйелдің аруағы пайда болды

Шіркеу мұнарасында қоңыраудың жанында ғибадат ететін монах әйелдің аруағы пайда болды, деп хабарлайды «Ресей 24» арнасы.

Діндарлар мұны таңғажайып құбылыс деп қабылдап, енді одан мән-мағынаны табуға тырысуда. Дегенмен, кәсіби фотографтардың бірі құпияның бетін ашты: аруақ бар болғаны оптикалық иллюзия. Аруақтың сұлбасы - шіркеу қабырғасынан және қоңыраудан түсетін жарық пен көлеңкенің шағылысуының нәтижесі.