Италия Сыртқы істер министрі АҚШ-қа сапарынан бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM - Антонио Таяни АҚШ президенті Дональд Трамп пен Италия премьер-министрі Джорджи Мелони төңірегінде туындаған дау-дамайға байланысты АҚШ-қа жоспарланған сапарын тоқтатты.
Италия сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары 21–22 маусымға белгіленген еді. Алайда ол Ақ үй басшысының италиялық La7 телеарнасына берген сұхбатынан кейін күшін жойды.
Эфир барысында Дональд Трамп Джорджа Мелонидің G7 саммиті аясында онымен бірге суретке түсуге «жалынғанын», ал өзінің «аяушылық танытып» келіскенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Джорджа Мелони бұл сөздерді «толығымен ойдан шығарылған» деп атап, «өзі де, Италия да ешқашан қорланбайтынын және ештеңе сұрамайтынын» айтты. Оған Серджо Маттарелла қолдау білдірді.
— Президент Трамптың премьер-министр Джорджа Мелониге қатысты ауыр әрі қорлайтын сөзі бүкіл Италияны қорлайды. Сондықтан мен АҚШ-қа сапарымды тоқтату туралы шешім қабылдадым, — деп жазды Антонио Таяни әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Le gravi e offensive parole del Presidente Trump nei confronti del Presidente del Consiglio Giorgia Meloni offendono tutta l’Italia. Per questo motivo ho deciso di annullare la mia visita negli Stati Uniti prevista per i prossimi 21 e 22 giugno.
— Antonio Tajani (@Antonio_Tajani) June 19, 2026
Айта кетелік G7 саммиті: Джорджа Мелони мен Антониу Кошта зиянды әдеттерден арылғанын айтқан еді.