Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италия солтүстігінде көшкін салдарынан пойыз рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын, бұршақ салдарынан көшкін жүріп, Италияның солтүстік-шығысында рельстен пойыздың шығып кетті, оның ішіндегі 80 жолаушыға көмек қажет болды. Бұл туралы АНСА агенттігі хабарлады.

Италия солтүстігінде көшкін салдарынан пойыз рельстен шығып кетті

Агенттіктің нақтылауынша, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда көмек көрсетуге 200 құтқарушы жұмылдырылды. Валь Пустерияда сенбіде нөсер жауын жауып, арты бұршаққа ұласқан, деп атап өтеді ТАСС. Бұл уақытта 100 мм астам ылғал түсті. Бұл таулы аудандарды су басуға, көшкіннің жүруіне алып келді.

Синоптиктердің болжауынша, африкалық антициклоннан туындаған ауа райынан кейін Апеннин солтүстігін қара бұлт басты. Салдарынан келесі аптада әзірге 40 градус ыстық сақталып тұрған Италия солтүстігі мен орталығында температура төмендеуі мүмкін.