Италия соты ұялы телефондар қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер болуы мүмкін деген шешім шығарды

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Апеннин түбегінің соты ұялы телефондардың зияны жөніндегі дауға нүкте қойды, деп хабарлайды segodnya.ua порталы.
None
None

Италияның Жоғарғы соты сымсыз және ұялы телефондарды ұзақ пайдалану мен адам басында пайда болатын қатерлі ісік ауруының арасында байланыс бар деген шешім шығарды. «Қызмет барысында» қатерлі ісікке шалдықтым деп сотқа шағымданған итальяндық менеджердің ісін қараған судья осындай түйінге келіп отыр.

Инночете Марколини есімді 60 жастағы бұрынғы қаржы директор ы қатерлі ісікке жұмысының кесірінен шалдыққанын сотта дәлелдеп, Ұлттық қызмет барысындағы оқыс оқиғалардан сақтандыру жүйесіне қарсы істе жеңіп шықты.

Марколинидің жеңісін мойындаған сот шешімін Corriere della Sera газеті тарихи оқиға деп бағалайды, себебі онда «ұялы телефонды дұрыс пайдаланбаудың қауіпті екені айға таңба басқандай көрсетіледі».

Марколинидің айтуынша, ұялы телефонды құлаққа жақын ұстамау қажет, сөйлескен кезде құлаққап немесе қатты дыбысты пайдаланған жөн.

Алайда ғалымдар ұялы телефондардың қатерлі ісікке әкеп соқтыру мүмкіндігі мәселесінде бір жақты байламға келе алмай отыр. Британиялық ғалымдар 2011 жылы 200-ден астам академиялық зерттеулер телефон мен қатерлі ісіктің пайда болуы арасында байланыс бар екенін көрсетті десе, даниялық ғалымдар 350 мыңнан астам адамның ауруларын зерттей келе, телефонды үнемі пайдаланатындар мен қалғандарының қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі бірдей деген қорытындыға келген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум