Италия жағалауында кеме апатынан 45 мигрант қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Әскери-теңіз күштері жұма күні кеменің аударылуы салдарынан суға кеткен 45 мигранттың мәйітін су астынан алып шықты. Сондай-ақ 135 адам құтқарылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Кемеде болған өзге адамдар іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша бортта шамамен 350 адам болған.

Италияның жағалау күзетінің хабарлауынша, аптаның басынан бері Жерорта теңізінде 14 мың мигрант құтқарылды. Олар Ливиядан Италияға теңіз арқылы жетпек болған.

Соңғы жаңалықтар