Италияда 100-ден астам адам фуникулерде тұрып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның автономды Валле-д'Аоста облысында 130 адам биіктігі 2 мың метрден асатын фуникулерде тұрып қалды, деп жазады La Stampa басылымы.
None
None

Червиния курортындағы көтергіш құрылғы күшті желдің салдарынан тоқтап қалған. 2550 және 2800 метр биіктіктегі жылжитын желілерді біріктіретін фуникулердің әрбір кабинасында 12 орын бар, деп жазады Риа Новости.

Cervino Spa басқарушы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, көтергіште тұрып қалған азаматтарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушылардың ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар