Италияда 11 адам тұмауға қарсы екпеден соң қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда қаза тапқан 11 адамның ісі тергеуге алынды. Бұл азаматтардың барлығы тұмауға қарсы «Novartis» компаниясының FLAUD екпесін алған. Адамдардың қазасынан кейін аталған екпенің екі партиясы кейін қайтарылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Италияда 11 адам тұмауға қарсы екпеден соң қайтыс болды

Жұма күні кешке, Италия фармакологиялық агенттіігі хабарлағандай, қаза тапқандардың саны қазіргі уақытта 11 адамға жетті. Олардың барлығы - қарт адамдар.

«Вакцинаны пайдалану мен адамдардың қаза болуындағы тікелей байланыс әзірге анықталмады», - деді жұма күні Италия фармакологиялық агенттігінің директоры Лука Пани.