Италияда 40 жыл бұрын ұрланған картиналар табылды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Италияның полиция қызметкерлері Рим қаласында 1971 жылдың күзінде болған атышулы ұрлықтың бетін ашты.
Қарабиндер Италияның астанасынан 7,5 млн. еуро тұратын төл туындының 37 көркемсуретін тапты, деп хабарлайды РБК.
Грек-испандық Эль Греко, фламандықАнтонис Ван Дейк және Питер Паулю Рубенс сияқты классикалық көркемсурет шеберлерінің туындылары 50 жастағы жергілікті әйелдің үйінен табылған. Айта кетейік 50 жастағы әйел 4 суретті аукционға қойғаннан кейін ғана, жылдар бойы із-түзсіз жоғалған көркемсурет туындылары табылды. Әйел тексеру барысында бұл суреттерді 20 жыл бұрын сатып алғандығын мәлімдеді.
Көркемсуретке құмар әйелдің үйін тінту кезінде (Рим қаласында) ұрланған 11 сурет, кейін астанадан шалғай жерде орналасқан үйінен 26 сурет табылды. Ендігіде әйел ұрланған бағалы заттарды сақтағаны үшін айыпталып отыр.
Айта кетейік, атышулы ұрлық оқиғасы 1971 жылы болған еді. Сол кезде ұрылар әлеуетті Париоли ауданында тұратын құрылыс магнатының үйіне түсіп, 42 суретті қолды еткен болатын. Дегенмен көп ұзамай дәлелдердің жетіспеушілігіне байланысты іс жабылған еді.