Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда 7,1 балл қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Италияда 7,1 балл қуатымен жер сілкінісі болды, деп хабарлады Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 Италияда 7,1 балл қуатымен жер сілкінді

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер дүмпуінің ошағы  Перуджа қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 68 шақырым жерде орналасқан.  

«РИА Новости» агенттігі хабарлағандай, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 07.41-да (9.41 мск) тіркелді. Еуропалық жерортатеңіздік сейсмологиялық орталықтың (EMSC) сайтында зілзаланың ошағы Италия астанасы Римнен солтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды. Оның магнитудасы 6,5 балды құрады.