Италияда Алькатрас үлгісіндегі түрмелер қайта пайдаланыла бастауы мүмкін

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Италия билігі аралдарда орналасқан бұрынғы түрмелердің ғимараттарын қайта қалпына келтіріп, Алькатрас стилін қолдана бастауы мүмкін.

Италияда Алькатрас үлгісіндегі түрмелер қайта пайдаланыла бастауы мүмкін

Мұндай ұсынысты елдің Ішкі істер министрі Паола Северино Парламент талқылауына шығарды.

«Интерфакс-Казахстан» мәлімдегендей, бұл шара елдің континенттік бөлігіндегі лық толып кеткен түрмелердің мәселесін шешуге бағытталды. Аралдарда орналасқан түрмелерге арнайы күзеттің қарауындағы ұзақ жылдарға сотталған мафиялық топ өкілдерін жіберу ұсынылды.

Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаушылар тарапынан қызу қарсылық туғызды. Олар бұрынғы түрмелердің орнында тек қана қираған үйінді қалғанын алға тарта отырып, Үкімет адамдарды аралдардағы табиғаттың таза да әдемі көріністеріне сүйсіну мүмкіндігінен айырмау керек деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Тоскан архипелагының бір бөлігі болып табылатын Пьяноза аралындағы түрме XIX ғасырдың ортасында салынған. Ол жерге саяси тұтқындарды жер аударған. Ал Сардиния жағалауындағы Азинара аралында орналасқан тағы бір түрмеде Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде австриялық-венгрлік тұтқындар отырғызылған. Қазір арал ақ есек өсірілетін орынға айналды.