Италияда әлемдегі тұңғыш балмұздақ мұражайы ашылды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Италияның Анцола-Делл'эмилия қаласында балмүздақ мұражайы ашылды, деп хабарлады Участие.сом сайты.
Барлық экспозициялар 450 шаршы метрлік алаңға жайғастырылды. Бұл бірегей мұражайдан кеңінен танымал итальяндық өнімнің тарихы жайында білуге болады. Алғашқы тоңазытылған тәтті сусынды алхимик Козиме Руджиери ойлап тауыпты. Ол Екатерина Медичидің қол астында болған. Бұдан кейін балмұздақ француз сарайына ұсынылған.
Мұражайда сондай-ақ балмұздақ даярлау өндірісін дамыту туралы да айтып береді.