Италияда алғашқы жоғары жылдамдықтағы жеке жүрдек пойыз іске қосылды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Италияда Italo деп аталатын алғашқы жоғары жылдамдықтағы жүрдек пойыз іске қосылды, оның иесі жеке инвесторлар, деп хабарлады Лента.ру.

Италияда алғашқы жоғары жылдамдықтағы  жеке жүрдек пойыз іске қосылды

200 метрлік Italo пойызының иесі NTV компаниясы. Онң президенті Ferrari басшысы Лука ди Монтедземоло.

Жүрдек пойыздың ең жоғары жылдамдығы сағатына 360 шақырымды құрайды. Вагондар қарапайым француз вагондарына қарағанда кеңірек. Жаңа пойызда панорамалық терезелер, терімен қапталған орындықтар көзделген, сондай-ақ кинотеатрлы арнайы вагоны бар.