Италияда «аспаздық Диснейленд» салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болоньяда (Италия) 80 мың шаршы метрге жайылған Fico Eataly World ойын-сауық саябақ салынады. Ол азпаздық Диснейленд іспеттес болмақ.
None
None

Оның негізін қалаушылар жылына 10 млн. адамды тартуға ниеттеніп отыр. Eataly-дің бас директоры Оскар Фаринэтти жаңа саябақты туристер мен тамақ талғайтын адамдар үшін ең таңдаулы орындардың бірі ретінде жасамақ. Оның пайымынша, осы арқылы Италияның экономикасын ынталандыруға мүмкіндік жасалады.

Осы ауқымды орталықа мейрамханалар, азық-түлік дүкендері, тағам зертханалары жайғаспақ. Fico Eataly World құрылысының құны 60 млн. долларға бағаланып отыр. Италияндық асханаға негізделген орталықтың ашылуы 2015 жылдың аяғына қарай жоспарлануда, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар