06:06, 25 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Италияда авиашоу кезінде әскери ұшақ теңізге құлап түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия әуе күштерінің жойғыш ұшағы жексенбі күні елдің Лацио облысында өткен әуе шоуында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Corriere della Sera газеті.
Eurofighter Typhoon ұшағының пилоты жазғы бағдарламаның соңғы бөлігін орындау кезінде суға құлаған. Экипаж катапульта жасап үлгермеген.
Оқыс оқиға Тиррен теңізінің жағасындағы Террачина қаласында авиашоуды тамашалауға келген мыңдаған адамның көз алдында болған.
Қайғылы оқиғадан кейін ұйымдастырушылар авиашоуды тоқтатты.
Жойғыш ұшақтың 36 жастағы капитанының денесі 1,5 сағаттан соң табылды. Ал экипаждың екінші әлі іздестіріліп жатыр.