Италияда аяздың салдарынан 25 адам көз жұмды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Италияда толассыз жауған қардың және күшті аяздың салдарынан қаза тапқандардың саны 25-ке жетті. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.
Әбігерге салған ауа райының құрбандары жайлы алғашқы ақпарат жұма күні түскен еді. Сол күні аяздың салдарынан 3 адам, оның ішінде 1 жастағы бала көз жұмды. Демалыс күндері бұл тізім тағы да 18 адаммен толықты. Дүйсенбі күні 4 адам елдің орталығында қаза тапты.