Италияда балықшы өзеннен салмағы 120 келілік жайын аулады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда балықшы Юри Грисенди Мунтуидің жанындағы По өзенінен салмағы 120 келілік жайын аулады. 38 жастағы ер адамның балықты судан шығарып алу үшін онымен бір сағатқа жуық уақыт арпалысуына тура келді.
Грисендидің айтуынша, балық аулаумен айналысқан 20 жылда ол осыған ұқсас оқиғаға тап болмаған.
«Балық аулап жүргеніме 20 жыл болып қалды, бірақ мен бұл құбыжықтан үлкен жайынды көрген емеспін. Онымен күресу оңайға соқпады, көп күш пен шыдамдылық жұмсалды, бірақ бұл күрестің әрбір секунды зая кетпеді», - деп бөлісті әсерімен итальяндық азамат.