Италияда биатлоннан Әлем кубогы кезеңінің эстафеталық жарыстары басталды

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында биатлоннан Әлем кубогының 6-шы кезеңіндегі әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс өтеді.

Италияда биатлоннан Әлем кубогы кезеңінің эстафеталық жарыстары басталды

Онда Қазақстан құрамасы 21 команданың арасында 12-ші номермен бақ сынайды. Бұған дейін спринттік жарыста 102 спортшының арасынан Дәрия Усанова 33-ші, Елена Хрусталева 43-ші, Алина Райкова 64-орын алды. Ал із кесуде Дарья 52-ші орын алса, Елена жарысты соңына дейін аяқтай алмаған еді.

Сондай-ақ ерлер арасындағы спринттік жарыста Ян Савицкий 16-шы, Диас Кенешов 83-ші орыннан көрінді. Ал кеше із кесуде Ян 33-ші орынды қанағат тұтты. Ертең енді эстафеталық сында 24 команданың арасында ерлер құрамасы 16-шы нөмірмен бақ сынайтын болады.