Италияда бүгін Аза тұту күні

РИМ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Италияда Абруццо облысында болған зілзала құрбандарын аза тұту күні ,

Италияда  бүгін  Аза тұту күні
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Сонымен бірге католиктердің күнтізбесі бойынша қасиетті саналатын бүгінгі күні қаза болғандар жерленеді. Құрбан болғандардың арасында бірнеше ондаған балалар мен жасөспірімдер бар. Бүкіл елде мекемелер мен қоғамдық ғимараттарда мемлекеттік жалаулар түсіріліп, оларға қара лента байлануда. Сәуірдің 6-сында Италияның Абруццо облысында қуатты зілзала болып, оның салдарынан 280-дей адам опат болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.