Италияда цирктен қашып кеткен жолбарыс қала тұрғындарының зәресін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сицилияда Оскар есімді бенгал жолбарысы көшпелі цирктен қашып кетіп, дүкеннің алдына жатып алған. Оны көрген тұрғындардың зәресі ұшып, қатты қорыққан. Бұл туралы The Daily Mail жазады.

Италияда цирктен қашып кеткен жолбарыс қала тұрғындарының зәресін ұшырды

Жыртқыш қожайынынан таңертең ерте қашып кеткен. Содан соң Италияның Палермо қаласының көшесін бірнеше сағат кезіп жүрген. Кейін оны жүргізушілер көріп, оқиға орнына полиция шақыртқан.

Видеода жыртқыштың бейқам күйде көшені кезіп жүргені, адамдарға қарап, алаңсыз тұрған сәті түсірілген.

Сақшылар аңды атпай-ақ торға түсіріп, иесіне қайтарып берген. Оның қалай қашып кеткені әзірге белгісіз.