Италияда "эспрессо" кофесінің ұлттық күні тойлануда
РИМ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның барша халқы өздерінің сүйікті сусындары - "эспрессо" кофесінің күнін атап өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, итальяндықтардың нағыз ұлттық сусыны, жұрт айтып жүргендей, асхана шарабы емес, дәл осы "эспрессо" кофесі екен: елдегі барлар және дәмханаларда күн сайын 70 миллионға жуық шыныаяқ "эспрессо" кофесі ішіледі (ел халқының саны 60 миллион). Итальяндық "эспрессо" күні алғаш рет биыл кең көлемде атап өтілуде. Осынау игі шараға атсалысып отырған 3500 барда кофелердің түрлі сұрыптары туралы түсіндірмелер мен сусынды дұрыс әзірлеудің әдістері көрсетілген 1 миллионға жуық парақтар таратылады.