Италияда ірі мафия серкесі ұсталды
МӘСКЕУ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Италия полициясы Неапольдағы ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі Винченце Аканфораны ұстағанын мәлімдеді,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі. Аканфора неополитандық мафияның Апреа қауымын басқарған. Ол заңсыз қару алып жүргені және бопсалаумен айналысқаны үшін тоғыз жылға сотталуы мүмкін.