Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда кедейлерді мерзімі өткен тағаммен тамақтандыруға рұқсат берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия билігі жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді қайырымдылық мақсатта бергені үшін айыппұлды жою туралы шешім қабылдады. Бұл - жыл сайын лақтырылатын азық-түлік көлемін қысқартуға бағытталған парламент мақұлдаған бастаманың бірі, деп хабарлады The Independent.

Италияда кедейлерді мерзімі өткен тағаммен тамақтандыруға рұқсат берді

Жыл сайын елде бес миллион тоннаға жуық өнім лақтырылады. Оның жиынтық құны 10 миллиард еуро немесе Италияның ІЖӨ 1 пайызы. Билік бұл деңгейді бес есеге төмендетпек.

Басылым жазғандай, 20 пайыз жұмыссыздық белең алып, кедейлер саны миллионға жеткенде, мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.

Атап айтқанда, қайырымдылық мақсатта өнім тарататын фермерлерге, супермаркеттерге төрешілдік кедергілер алып тасталады.

Билік сонымен қатар, екі бағдарламаны қаржыландырмақ ниетте, деп жазады Лента.ру.

Миллион еуро тұратын бірінші бағдарлама азық-түліктің жарамдылық мерзімін ұлғайту үшін сақтау және тасымалдау саласындағы жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған.

Тағы  миллион еуро келушілерді дәмханалар мен мейрамханаларда желінбей қалған тағамдарды алып кетуге дағдыландыратын арнайы насихаттау науқанына жұмсалады. Сонымен бірге, итальяндықтарға мұнда қысылатындай  ештеңе жоқ екенін түсіндіруге арналады.

ФАО деректеріне сәйкес, жыл сайын еуропада тағамның жалпы санынан 40 пайызы лақтырылады. Бұл 200 миллион адамды тамақтандыруға жетер еді.