09:12, 14 Қаңтар 2024 | GMT +5
Италияда күрес академиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

Жаңадан құрылған Италия күрес академиясына қолдау көрсету мақсатында Халықаралық күрес қауымдастығының Күрес институты мен Өзбекстан күрес федерациясы осы жылдың ақпан айының соңында Еуропаның аталған елінде бапкерлік семинар ұйымдастырады.
Өзбекстан күрес федерациясы және мүдделі ұйымдармен бірлесіп өткізілген бұл семинарға Еуропаның барлық елінің өкілдері қатыса алады. Онда кәрі құрлықта күресті танымал етумен айналысатын мамандар мен спортшыларға күреске арналған күртешелер мен оқу-жаттығу құралдары таратылады.
Бұл күрес семинары 2024 жылдың шілде айында өткізу жоспарланған халықаралық турнирге дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Алдағы уақытта Италияда жүлде қоры бар халықаралық турнир өтеді.