Италияда күші 4,9 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат Италияда күші 4,9 балдық жер сілкінісі болды.
Оның кіндігі елдің орталығы Анкона провинциясына кіретін Марке аймағындағы Нугман қаласынан шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 9,7 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлады АҚШ-тың ұлттық геологиялық қызметінен.
Зардап шегушілер мен қирандылар жайлы мәліметтер түскен жоқ.