20:46, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Италияда күшті құйын салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья облысында күшті қара құйын соқты. Ол бірнеше сағатқа созылып, ғимараттарды қиратып, автокөліктерді аударып, ағаштарды түбімен жұлып әкетті. Сондай-ақ диаметрі 5 см болатын бұршақ жауды, деп хабарлайды Росбалт.

Әсіресе Болонья және Модена аймақтары көп зардап шекті, мұнда ондаған отбасылар баспанасыз қалды.
Негізінен болоньялық 118 адам жарақат алып, соның 11-і ауруханаға жатқызылды. Тағы да жүздеген адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.